2011 жылы кедендік бақылауды ұйымдастыру бағытында Департаменттің өткізу пункттерінде кедендік бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 6,5 миллион жеке тұлғаға кедендік бақылау жүргізілді. Кеден шекарасы арқылы 35 мың жеңіл және 37 мың жүк автокөліктері, 1072 әуе кемелері, сондай-ақ, 1348 жолаушы поездары өтті. Кеден шекарасы арқылы 596 602 теміржол вагондары өтті, оның 360 698-і тиелген вагондар. Кеден бекеттерінде 69 554 транзиттік декларация мен 26 339 тауарларға арналған декларациялар рәсімделді. «Күнбе-күн» қағидасы бойынша 24 469 кедендік жүк декларациясы рәсімделсе, 2010 жылдың осындай кезеңінде 13 038 кедендік жүк декларациясы рәсімделген болатын. Есептік кезеңде 5 тауарларға декларациялар бойынша зияткерлік меншік нысандары бар әкелінген тауарлардың анықталуына байланысты тауарларды шығару тоқтатылды. (2010 ж. - 3). 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында алдын-ала операцияларды бақылау және кедендік алып жүру бөлімі 132 әкімшілік іс қозғаған, олардың 117-сі сотта, ал 15 ісі кеден органымен қаралды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 331 880 теңгені құрады. Есеп беру кезеңінде посткедендік бақылау бағыты бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барлығы 223 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 36-сы жоспарлық, 6-ы жоспардан тыс, ал 181-і камералдық кедендік тексеру болып табылады. Кедендік тексеру нәтижесі бойынша 15 қылмыстық және 10 әкімшілік іс қозғалып, 4 млн. 879 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді. Ал анықталған кеден заңнамасын бұзу фактілері бойынша қосымша жалпы сомасы 4 млрд. 617 млн. теңгені құрайтын кедендік төлемдер мен салықтар аударылып, 4 млрд. 207 млн. теңге өндірілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтармен күрес бағыты бойынша 2011 жылы барлығы 1659 (2010 ж. - 1282) әкімшілік іс қозғалды, олардың ішінде 1256-сы (2010 ж. - 843) кеден органдарымен қаралып, 15 700 374 теңге сомасында айыппұл салынды. Сот органдарына 403 іс жолданып, қаралған істер бойынша 15 003 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қозғалған істерге сәйкес құқық бұзушылардан жалпы сомасы 30 704 004 теңге өндірілді. 2011 жылдың 12 айында есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша анықталған 8 факті бойынша 3 келіден артық есірткі заты алынды. 2010 жылы бұл көрсеткіш 610,551 граммды құраған. 2011 жылдың басынан бері жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 150 млн. теңгені құрайтын жалған құжаттарды пайдаланып, кеден бекеттерінен өткізбек болған тауарлардың экономикалық контрабандасының 14 фактісі белгілі болды. Оның ішінде 2011 жылдың 2-ші жартыжылдығында жалпы сомасы 105 млн. теңгені құрайтын 10 фактінің жолы кесіліп, 2011 жылдың 12 айында анықталған барлық фактілердің 71 %-ын құрады. «Шымкент кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде кедендік тексеріп қарау барысында тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілмеген жалпы құны 25 млн. теңгеден аса тауарлар анықталды. 2011 екінші жартыжылдықта Департамент қызметкерлері кеден одағының кеден шекарасына 2 млн. теңгеге жуық тауарларды заңсыз алып өту фактісін анықтаған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 1 б. 209 бабымен қылмыстық іс қозғалып, айыпталушы тұлға жазаға тартылып, контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді. Департамент қызметкерлерінің Шымкент қаласына алыс шалғай шетелдерден ұшып келетін әуе рейстеріне, оның ішінде жеке тұлғаларға, қол жүктер мен жол жүгіне жүргізілетін кедендік бақылау күшейтілген. Есеп беру кезеңінде бұл кеден бекетінде тауарлар контрабандасы мен жалпы сомасы 14 млн. теңгені құрайтын экономикалық контрабанда фактілері анықталған. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 1 б. 209 бабымен 4 қылмыстық іс қозғалып, айыпталушылар жазаға тартылып, контрабандалық тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді. Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткiзу мақсатында кеден одағының кедендік шекарасына заңсыз өткiзудің 4 фактісі анықталды, олардың ішіндегі 2 дерек бойынша ҚР ҚК 3 б. 143 бабымен 2 қылмыстық іс, қалған біріне 1 әкімшілік іс қозғалып, екінші материал бойынша тергеу алды тексеру амалдары жүргізілуде. 2011 жылы контрабандаға қарсы күрес бағытында Департамент қызметкерлері 64 қылмыстық іс қозғады. Бұл істер бойынша жалпы құны 45 млн. теңгені құрайтын тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді, ал 2010 жылдың есеп беру кезеңінде тәркіленген тауар сомасы 35 млн. теңгені құраған. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мемлекет қазынасына 36 млрд. 567 млн. теңге түсірген. Комитет бекіткен болжамды тапсырма 102% -ға орындалды. 2010 жылмен салыстырғанда есеп беру кезеңде 12 млрд. 118 млн. теңгеге артық өндірілді.